Ұлы Дала Тарихы
Ұлы Дала Тарихы

Шағатай тілі курсының аралық кезеңі аяқталып, студенттер марапатталды

25 января, 2026

Шағатай тілі курсының аралық кезеңі аяқталып, студенттер марапатталды

Шағатай тілі курсына қатысқан студенттер араб графикасындағы әріп тану (аралық) бөлімін сәтті аяқтады. Осыған орай курс тыңдаушыларын марапаттау және жігерлендіру мақсатында арнайы іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында шағатай жазуын меңгеру жолындағы алғашқы, бірақ аса маңызды кезеңді еңсерген студенттердің еңбегі атап өтіліп, оларға алғыс білдірілді. Араб әріптерін тану – шағатай тілін оқудың іргетасы болып саналатындықтан, бұл кезеңді аяқтау алдағы мәтін оқу мен тарихи деректермен жұмыс істеуге берік негіз қалайды.

Марапаттау шарасы студенттердің оқу барысындағы ынтасын арттырып, шағатай тілі арқылы көне қазақ жазба мұрасын зерттеуге деген қызығушылығын күшейтуге бағытталды. Алдағы уақытта курс қатысушылары мәтін оқу және дерек талдау кезеңіне өтеді.