
Шағатай тілін үйрету бағытында оқу-әдістемелік құрал әзірленді. Аталған құрал **Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті КеАҚ-тың Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қаралып, ресми түрде мақұлданып, баспаға жіберілді.
Оқу-әдістемелік құрал шағатай тілін жүйелі түрде меңгеруге арналған және араб графикасындағы әріп танудан бастап, мәтінмен жұмыс істеуге дейінгі кезеңдерді қамтиды. Құралда теориялық түсіндірмелермен қатар, практикалық тапсырмалар мен оқу процесін жеңілдететін әдістемелік нұсқаулар берілген.
Бұл еңбектің жарыққа шығуы шағатай тілін оқыту үдерісін стандарттауға, жоғары оқу орындары мен ғылыми орталарда бірізді оқу бағдарламасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, құрал көне қазақ жазба мұрасын түпнұсқадан оқуға қызығушылық танытатын студенттер мен зерттеушілер үшін маңызды оқу көзі болмақ.
Аталған оқу-әдістемелік құрал отандық түркология мен тарихи-лингвистикалық зерттеулердің дамуына елеулі үлес қосады деп күтілуде.
