«Ұлы Дала Тарихы» орталығының миссиясы
«Ұлы Дала тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының миссиясы – Ұлы Дала кеңістігінде қалыптасқан халықтардың шынайы тарихын ғылыми негізде зерделеу, тарихи ақиқаттың бұрмаланған тұстарын қалпына келтіру және ұлттық тарихи сананы нығайтуға үлес қосу.
Орталық өз қызметін тарихи деректерді жүйелі түрде жинақтау, талдау және салыстырмалы ғылыми әдістер арқылы жүзеге асырады. Негізгі мақсат – Ұлы Дала өркениетінің қалыптасуы, этногенезі, мемлекетшілдік дәстүрі мен әлемдік тарихтағы орны туралы объективті, дәлелді ғылыми тұжырымдар қалыптастыру.
Ғылыми-зерттеу орталығы:
- тарихи дереккөздерді консолидациялауды және «ақтаңдақ» болып келген мәселелерді ашуды;
- мифтер мен идеологиялық бұрмалаулардан арылған ғылыми көзқарасты қалыптастыруды;
- Ұлы Дала тарихындағы ұлы тұлғалар мен тарихи үдерістердің жаһандық өркениетке ықпалын зерделеуді;
- тарихи әділеттілік пен мәдени кодты қалпына келтіруді;
- алынған ғылыми нәтижелерді қоғам арасында кеңінен насихаттауды басты құндылықтар ретінде ұстанады.
Орталықтың қызметі ғылыми білімді тереңдетуге ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақтың тарихи жады мен отаншылдық рухын қалыптастыруға, Қазақстанды Ұлы Дала өркениетінің заңды мұрагері ретінде әлемдік ғылыми кеңістікте танытуға бағытталған.